Ұлттың айшықты таңбасы – мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

«ҚР Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңының 12-бабын басшылыққа ала отырып құрылған Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, қаладағы мекемелердің жауапты қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» бойынша бір семинар-кеңес ұйымдастырылып, рәміздерді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаладағы мекемелерге Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстырғаны туралы ақпарат жолдау үшін хат жолданып, мәлімет жинақталды.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласында 72 іс-шара ұйымдастырылып, оған 7 000-ға жуық адам тартылды.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау барысын ақпараттық қолдау жөніндегі ағымдағы жылға арналған медиа-жоспар бекітіліп, қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 6 мақала жарияланып, «JAMBYL», «77 ТВ» телеарналарында 7 сюжет көрсетіліп, ақпараттық агенттіктерде 8 материал жарияланды.
Мемлекеттік саясатты көрнекі ақпарат құралдары арқылы насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген 8 баннер ілінді.
Мемлекеттік Елтаңбадағы бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасында «QAZAQSTAN» жазуына ауыстырылды. «Техникалық талаптар» ұлттық стандартына №1 өзгеріс 2018 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енді. Елтаңбаларды орналастыру және ауыстыру 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезеңі болып белгіленді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Мемлекеттік Елтаңбаны кезең-кезеңмен ауыстыру мерзімдерінің кестесін ұсынып отыр.

Атап айтқанда, орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар:

  • 2019 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдардың ресми веб-сайттарында, ресми басылымдарында, бланкілерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін;
  • 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының басшылардың кабинеттерінде, ғимараттар мен маңдайшаларда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін ақпараттық стендтерде және тағы басқа арнайы орындарда;
  • 2021 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін мөрлерде және ресми құжаттарда (жеке куәлік, туу туралы куәлік, паспорт және өзге де құжаттарда) толықтай ауыстырылуы тиіс.
    Осыған орай, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 2020-2021 жылдарға арналған бюджетті нақтылау кезінде Елтаңбаларды сатып алуға тиісті қаражат қарастыру туралы арнайы хаттар жолданылды.
    Бүгінгі күні негізгі жұмыс Мемлекеттік Елтаңбадағы бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасында «QAZAQSTAN» жазуына ауыстыруға бағытталуда. Бүгінгі күнге қаладағы 147 мекемеде 892 (2 м – 2, 1 м – 5, 500 мм – 336, 250 мм – 61, мекеме атауы жазылған маңдайшадағы 120 мм Елтаңба – 346, стенд – 142) Мемлекеттік Елтаңба ауыстырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған қалалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті бөлімдерге орындау үшін жолданды.
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың «оқиғалар қатары» әзірленіп, қалада 34 іс-шара өткізіледі.
    2020 жылдың 1-4 маусым аралағында әлеуметтік желілерде «#МеніңТуым #МойФлаг» атты акция (жеке азаматтардың Мемлекеттік Тумен түскен суреттерін жеке әлеуметтік парақшаларында жариялау) ұйымдастырылуда.
    4 мамыр күні «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін («Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Желтоқсан көшесі, Төле би даңғылы мен Жамбыл даңғылы, Қонаев көшесі, Сейфуллин көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Тәуке хан көшесі, Төле би даңғылы мен Тұңғыш Президент саябағына дейін) «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акция аясында авто-мотошеру өткізу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау жоспарлануда. Осы күні қаладағы мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде (сағат 10.00-де) орындалады. Сондай-ақ осы күні «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акция аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде Мемлекеттік Туды ілу ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.
    Еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі – болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
    Ұлана Сламбекова,
    Тараз қаласы әкімдігі
    ішкі саясат бөлімінің басшысы
Comments (0)
Add Comment