Ұлт ұстазы ұлықталды

Биыл ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Айтулы мерейтой еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өтуде. Соның жарқын мысалы – кеше орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы» атты оқырмандар конференциясы.

Шараға Тараз қаласының білім ордаларының кітапхана қызметкерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және студенттер қатысты. Конференция барысынд  № 53 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- ұйымдастырушы Айгерім Қалдабекова «А.Байтұрсынұлы түзген қазақ жазуы», Жамбыл гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Ұлдана Абуова «Ұлт мұрасын ұлықтаушы», студент «А.Байтұрсынов – дара бастамашы» тақырыптарында баяндама жасап, орамды ойларын ортаға салды. Бұдан соң «Ұлт рухын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесі көшілік назарына ұсынылып, қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Лаура АБАЙҚЫЗЫ

Comments (0)
Add Comment