«Ұлт рухының ұясы – Ауыл-ана» 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі гендерлік саясаттың маңыздылығын айғақтай отырып, «Прогрессивті елдің тағы бір маңызды белгісі – әйелдің қоғамдағы мәртебесі. Сондықтан біз әйелдердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударуымыз керек», – деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «Ауыл» партиясы ауқымды іс-шараларды қолға алуда.

Осыған орай өткен аптада Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Ауыл ХДПП Жамбыл облыстық партиясының ұйымдастыруымен«Ұлт рухының ұясы – Ауыл Ана» атты ауыл әйелдерінің Жамбыл облысы бойынша I форумы өтті. Партияның гендерлік теңдік мәселесіндегі ұстанымын айқындау, ауыл әйелдерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың саяси көшбасшылығына соны серпін беру, әйелдер мен балалардың әлеуметтік мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында өткен салтанатты шараға  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының төрайымы Қарақат Әбден, облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен сонымен қатар «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облысы өңірлік филиалының төрағасы Берікбол Мәндібаев  қатысты.Сонымен қатар, аталған шарада  облыс бойынша 150 ауыл әйелдері және әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Аналар кеңесі төрағасы, Іскер әйелдер қауымдастығы, кәсіпкер әйелдер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде отбасы институтын дамытумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар болды.

Форум аясында ауылдық жерлердегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін, сондай-ақ мәдени-адамгершілік даму мәселелерін ерекше бақылауға алу, ауыл әйелдерін, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын әйелдер қауымын, әлеуметтік қорғау және қолдау шараларымен қамтуды кеңейту бағытында қажетті іс-шаралар атқару, еңбекақы алшақтығына байланысты ауыл әйелдерінің теңсіздігін төмендету саясатына ерекше назар аудару жане йелдер резервін дайындау бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру қатарлы өзекті мәселелер талқыланды.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment