Әлия Назарбаеваның кітабының таныстырылымы – Бекшин пікір білдірді

Әлия Назарбаеваның «Күш-қайрат мекені» (Место силы) атты жаңа кітабының таныстырылымы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында өткізілген. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұл туралы пікір білдірді, хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Мұндай іс-шара шынымен өткізілген. Біз барлық ведомсвто алгоритміне сәйкес шара қабылдау үшін қажетті ақпаратты жібердік. Полиция органдары баянат (рапорт) түріндегі құжаттарды толтырып, фото-видео дәлелдерді және өзге де материалдарды қосуы қажет», – деп түсіндірді Бекшин.

Сонымен қатар ол мұндай сұралымның жасалғанын, бірақ материалдардың әлі келмегенін айтты. 

«Біз шара қабылдау үшін аудан әкімдігіне сұралым жібердік. Мониторингтік топ дәлелді материалдарды жіберуі керек. Алдын ала ақпарат бар. Іс-шара кезінде “жасыл деңгей” мен барлық сақтық шаралары сақталған», – деп қосты Алматы бас санитарлық дәрігері.

Comments (0)
Add Comment