«Пари Сен-Жермен» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылы «Алтын допты» жеңіп алды. Осылайша, Лео мансабындағы жетінші «Алтын добына» қол жеткізді. Аргентиналық футболшы 613 ұпай жинап, екінші орындағы ойыншыдан 33 ұпайға озып кетті.
Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынды «Бавария» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски (580 ұпай) иеленді. Үшінші орын – «Челсидің» жартылай қорғаушысы Жоржиньоға (460 ұпай) бұйырды.
2019 жылы «Алтын допты» соңғы рет Месси алған еді. Ал 2020 жылы бұл сыйлық коронавирустық пандемияға байланысты берілмеді.
Еске салайық, 2021 жылы Месси Аргентина құрамасынандағы алғашқы трофейін жеңіп алды (Америка кубогі). Левандовски «Бавария» сапында Германия чемпионы атанды және Бундеслигада 41 гол соғып, Герд Мюллердің рекордын жаңартты. Жоржиньо Италиямен Еуропа чемпионатында және «Челсимен» Чемпиондар лигасында топ жарды.