Әлібек Әмзеұлының қос кітабы жарық көрді

Тараз қаласындағы «Рысбаева және Ко» ЖШС баспасынан белгілі өнер қайраткері, театртанушы, драматург, ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлының «Менің заманым және замандастарым» және «Менің сырым мен шыным» атты қос кітабы жарық көрді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Аталмыш кітаптардың тұсаукесер рәсімі Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өтті. Тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері, автордың шәкірттері, бұрынғы әріптестері және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Амалов қатысты.
Тұсаукесер рәсіміне келген Әлібек Әмзеұлының шәкірттері, бұрынғы әріптестері және замандастары кітап авторына зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар тілеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Шара соңында Әлібек Әмзеұлы сөз алып, барша жанашыр жандарға, кітаптың демеушілеріне алғыс білдірді.
Осы орайда Әлібек Әмзеұлы өткен аптада өзі тұңғыш рет өнер жолын бастаған Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ театрына арнайы ат басын бұрып, театрдың ардегерлерімен және өнер адамдарымен кездесу өткізгенін айта кетеу қажет. Басқосу барысында және өзінің баспадан жаңа шыққан жоғарыда аталған «Менің заманым және замандастарым», «Менің сырым мен шыным» атты кітаптарын тарту етті.
Comments (0)
Add Comment