«Үлгілі аула» байқауы өтеді

Конкурсқа көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, жеке тұрғын үй иелері, тұрғындар кооперативтері, ПИК (пәтер иелері кооперативі), МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) немесе ерікті бастамашыл топтар қатыса алады. Байқаудың мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, аулаларды көркейтуге және абаттандыруға белсенді атсалысуын ынталандыру.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім 15.09.2025 ж. – 01.10.2025 ж. аралығында қабылданады.
Қатысушы мына мәліметтерді ұсынуға тиіс:
• Аула мекенжайы көрсетілген өтінім (еркін түрде);
• Жауапты тұлға немесе бастамашыл топтың байланыс ақпараты;
• Қысқаша сипаттама (қандай жұмыстар атқарылды);
• Фотосуреттер (бұрынғы және қазіргі жағдай).
Комиссия төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
• Аула тазалығы (қоқыстың жоқтығы, тазалық деңгейі);
• Көгалдандыру (гүлзарлар, ағаштар, көгалдар);
• Ауланы безендіру (орындықтар, қоқыс жәшіктері, декоративті элементтер, бояу жұмыстары);
• Тұрғындардың белсенділігі мен ұжымдық еңбегі;
• Қауіпсіздік пен балалар алаңының жағдайы.
Жеңімпаздар «Үлгілі аула», «Ең таза аула», «Ең креативті аула» секілді номинациялар бойынша анықталады.
Өтінімдер Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, №300 мекенжайы бойынша немесе taraz.aulieata@yandex.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Comments (0)
Add Comment