Жақын арада Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты төрт ауылда жаңа ойын және спорт алаңдары пайда болады. Мұнда енді балалар футбол, баскетбол, волейбол алаңдарында алаңсыз ойнамақ. Бұл шығындарды «Қазақмыс» компаниясы көтерді. Сондай-ақ, неврологиялық диагнозы бар ауданнан келген 21 баланың емделуіне де корпорация қаржы төледі. Олардың барлығы Жамбыл облысындағы орталықтан10 күндік оңалту курсынан өтуге мүмкіндік алды.
Компания балаларға ғана емес тұрғындарға да керемет мүмкіндіктер сыйлауда. Мәселен, «Қазақмыс» өз қаражаты есебінен Балқаш политехникалық колледжінде жергілікті тұрғындарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытады. Жақында Шу ауданынан сегіз ауыл тұрғыны студенттер қатарына қосылды.
Одан бөлек, Көкқайнар ауылындағы ауыл ішілік жолдар мен су арықтарын жөндеу жұмыстары аймақтың дамуын ерекше ілгерілендірді.