Әлеуметтік сала әрдайым назарда

Биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясының барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аталған бағытта жүріп жатқан жұмыстар жайын тілге тиек етті.

– Биыл Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес, 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, жоспарда әлі 8 мыңдайын ашу жоспарлануда.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 38 961 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31 614 жұмыс орны қамтылды.

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың іске асуы нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 2023 жылғы 42,2 мыңнан 9,5 мың адамға азаяды деп күтілуде, – деді облыс әкімі.

Comments (0)
Add Comment