Құрметті тараздықтар!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке отаншылдық пен патриотизмнің, ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен бірліктің біртұтас ұғымына айналды. Әрбір тәуелсіз елдің ең басты мақсаты – мемлекет тұтастығын сақтау, Отан тыныштығын қорғау. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары шекарамыз шегенделіп, Қарулы Күштеріміз нығая түсті. Егемендіктің тірегі – тегеурінді әскер десек, бүгінгі таңда еліміздің айбынды армиясы қазақтың сайын даласын кірпік қақпай күзетуде. Осылайша әскеріміз тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді. Әрине, бұл кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен соғыс ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алары сөзсіз.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, жұртымыз аман болсын! Тәуелсіз еліміздің көк туы тек биікте желбірей берсін!
Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі