Етті дайындау тәсілімен әлемге танылған аспаз Нұсрет Ерке Есмаханға өз қолымен ас дайындап берді. Ерке Түркияға сапары барысында Нұсреттің мейрамханасына арнайы кірген. Әнші Нұсретпен осымен екінші рет кездесіп отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Азамат Зенкаевпен айырылысқан Ерке бұл жолы саяхатқа жалғыз шыққанға ұқсайды. Әнші желідегі парақшасында Ыстамбұлдағы әдемі кадрлармен бөлісіп жүр.
Әнші Ыстамбұлда тұрып жатқан қазақ ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында қонақтады. Айтыскер жуырда туған күнін тойлаған Еркеге гаухар тасты жүзік сыйлады.