Әлем бойынша 2021 жылдың ең танымал сөзі анықталды

«Вакцина» сөзі мен барлық осы сөзден туған сөздер Оксфорд ағылшын сөздігіне сәйкес 2021 жылдың ең танымал сөздері деп танылды, делінген британдық сөздік хабарламасында. Бұл жөнінде «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Вакцина (vax) – 2021 жылдың ең танымал сөзі. Біздің тіл мамандары ағылшын корпусының деректерін зерттей бастағанда-ақ, «вакцина» сөзінің ерекше көрнекті сөз екені белгілі болды», – делінген сөздік мәлімдемесінде.

Жазбада сонымен қатар бұл сөз осы жылға дейін Оксфорд сөздігінде өте сирек болғаны атап өтілген. Қаңтар-қыркүйек аралығында аталған сөз 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 есе жиі қолданылған.

Сондай-ақ, 2020 жылы Оксфорд сөздігі жылдың бір сөзін жыл сөзі ретінде таңдай алмағаны айтылады. Қолдану жиілігі бойынша «коронавирус» сөздері мен COVID-19 пандемиясымен байланысты құбылыстар бірге аталған, мысалы үшін, карантин, әлеуметтік ара қашықтық, furlough (коронавирустық дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалғаны үшін төленетін өтемақы) және қықсартылған WFH (work from home-үйден жұмыс жасау) тіркесі.

Comments (0)
Add Comment