«Өлді мынау». Алматыда хэллоуин күні барда төбелескендердің видеосы тарады

Алматы қаласындағы танымал кафенің бірінде бірнеше жігіттің төбелескен видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде тараған видеода төбелес 31 қазан күні болғаны жазылған. Дәл сол күні хэллоуин мерекесі тойланып жатқан. Ішімдікке тойып алған жігіттер бір-бірінің жағасынан алыпты.

Бұған қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Бұл деректі Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тергеп жатыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Төбелеске қатысқан бес адам ұсталды, — делінген хабарламада.

Полиция департаментіндегілер олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу органдары құқықтық баға беретінін жеткізді. Қақтығыстың себептері мен басқа да жағдайлары анықталып жатыр.

Comments (0)
Add Comment