Лапароскопиялық әдіспен күрделі ота жасалды

Таяуда Жуалы аудандық орталық ауруханасында 2001 жылы туған Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғынына лапароскопиялық әдіспен гинекологиялық ота жасалды.

Ота бөлмесіне дайындау мақсатында пациент алдымен амбулаторлық деңгейде толық зерттелуі үшін стационар дәрігерлердің тексеруіне жіберілді. Содан кейін ғана дәрігерлер лапароскопиялық ота жасауға болатыны жөнінде ұйғарым жасады. Бұл операцияны аурухананың акушер-гинекологы Ғазиза Егізбаева және қалалық көпбейінді ауруханасының білікті дәрігерлері бірлесе отырып орындады.

Ота жатыр қосалқылары патологиясына лапароскопиялық әдіспен жасалынып, операция сәтті түрде аяқталды. Бүгінде науқастың жағдайы өте жақсы.

Гинекологиядағы лапароскопияға дайындық жоспарлы түрде жүргізіледі, бірнеше кезеңдерден өтеді. Біріншіден, науқас зерттеледі және жалпы ұсынымдар беріледі, рәсім принципі түсіндіріледі. Дайындық кезеңінде әйелді анестезиолог және гинеколог зерттейді. Қатердің түріне және бірлескен патологиялардың болуына қарай диагноз қағидасы анықталған. Ең бастысы, отадан кейін ауырсынулар қатты болмайды. Сондай-ақ дер кезінде дәрігерге көрініп, уақытылы емдеу шаралары жасалған жағдайда пациентке аса үлкен қауіп төнбейді екен.
Мұндай оталардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жасалатынын еске саламыз.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment