Ұлағатты ұстаздар марапатталды

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздардың кәсіби мерекесінде мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Биыл да аталған дәстүр үзілмей, мұғалімдерді марапаттау шарасыТ.Рысқұлов ауданында жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға қа­тысқан аудан әкімі Ерболат Садырқұлов елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қан­­шалықты маңызды рөл атқа­ратындығын тілге тиек етті:

  • Мектеп пен ұстаз – білімнің қайнар көзі, тәрбие-тәлімнің дара орталығы. Білім – тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты.
    Бүгінде ауданымызда жас ұрпаққа білім мен өнегелі тәрбие беру ісімен 4 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері айналысады. Тәрбиелі де білімді ұрпақты қалыптастыру сынды жауапкершілігі өте зор міндеттің ұстаздар қауымына жүктелуі осы мамандықтың қаншалықты қастерлі екенін айғақтайды.

Аудан әкімі салтанатты құттықтаудан соң шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда қасиетті тұлға ретінде ерекшеленетін, білім көшін алға жылжытып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген ауданның 50 үздік педагогын марапаттады. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасы», Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алғыс хаты»,Жамбыл облысы кәсіподақтар кеңесінің«Құрмет грамотасы», Т.Рысқұлов ауданы әкімінің«Алғыс хаты», «NUR OTAN»   партиясының«Құрмет грамотасы» және жұмыс нәтижесі бойынша Республикалық, облыстық деңгейде бас жүлде және І орын алған педагогтерді 100 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Ардақты жандарды құрметтеген шара соңында өнерпаздар ән әуелетіп, жырдан шашу шашты.

Comments (0)
Add Comment