Бұл туралы арнайы видео жүктеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жақында әншінің күйеуі елордадан жаңа кеңсе ашқан болатын. Оған шашу шашуға барған Атынай Жорабаеваның әңгімесі күйеуі және оның жұмысы жайлы болды.
«Битеді, мына жердегі лай суды айналып өт дейді, даже соған дейіне айтады ғой. Сосын машинада мынадай кнопка бар, орындықты маған ыңғайлап қойған. Машинаға отырғанда соны бас дейді. Соған дейін айтады ғой. Ол айтпаса мен соны істемейтіндей», — деп разы болды.
Кеңсе ішін тікелей эфирде көрсеткен әнші екінші қабатқа көтерілді. Ал баспалдақпен түсетін кезде:
«Өләә, абайлап түс деп жатыр, мен баспалдақты көріп тұрмын ғой, маған бөпе сияқты қарайды. Мен үшін алаңдайды, бүйтіп қалма, сүйтіп қалма», — деп күйеуін еркелетіп қойды Алтынай Жорабаева.