Креативті индустрия – өңір дамуының жаңа серпіні

Бүгінде өңірімізде креативті индустрияны дамыту бағытында берілген тапсырма аясында Тараз қаласында маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Соның негізінде өткен жылы «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылған болатын. Қолөнершілер үйінде 5 қоғамдық бірлестік және 190-ға жуық қолөнершілер жұмыс істейді.
Салада атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатымен бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қоғамдық бірлестік төрағалары және қолөнершілермен кездесті.
Кездесу барысында саланы дамыту, шеберлерді қолдау тетіктері, тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес креаторларға қолдау көрсету мақсатында «Креативті индустрияны дамыту қоры» құрылды. Негізгі міндеті таланттарды іздеу, жобаларды дамыту және отандық креативті өнімді халықаралық нарыққа шығару.
Аталған қор аумағында заманауи көрме залы ұйымдастырылып, авторлар анимация, цифрлық контент және басқа да креативті жобаларын ұсына алады. Креативті индустрияны дамыту – тек экономикалық емес, мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың да маңызды жолы.
Сондықтан жиын барысында қордың негізгі басым-бағыттары да түсіндіріліп, қолөнер шеберлерінің ұсыныстары тыңдалып, шешу бағытында жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынып, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Comments (0)
Add Comment