Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде ішкі істер органдарының 34 қызметкері көз жұмды. Бұл туралы министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, пандемиядан 34 қызметкер қайтыс болды. 19 612 қызметкер аурудан жазылып шықты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің 98 пайызы вакцина салдырды», – деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Министр әлемдік пандемия полиция жұмысына өзгеріс енгізгенін атап өтті.
«Полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге күндіз-түні уақытпен санаспай жұмыс істеді. Күніне 12 мың қызметкер жұмысқа шықты. Карантин жариялағанда 50 мың қызметкерге дейін жұмылдырылды», деді ол.
Қазақстанда түрмеде отырғандарға рақымшылық жасалады: Қанша адам қамаудан шығатыны белгілі болды
«Сіз оны 17 азаматтың зорлағанына сенімдісіз бе?»: ІІМ басшысы атышулы оқиғаға байланысты пікір білдірді
Сондай-ақ, айтуынша, полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, 445 блок бекетті күзетті, ауру тараған 700 аумақты қоршауға алды. Мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын бақылады.