Тамыз айында коронавируспен ауруханаға түскен тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров емделіп, үйіне шығарылды. Бұл туралы деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі KZNEWS.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Тоқтар Әубәкіров коронавирустың екі жақты пневмониясы диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдап, аурудан емделген соң, ол өткен аптада үйіне шығарылған» делінген хабарламада.
Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова Тоқтар Әубәкіровтың коронавирус жұқтырып, алғанын хабарлаған. Оның жеті күн бойы ауырып, осы уақытқа дейін дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетпегенін айтқан болатын.