«Коронавирусқа қарсы дәрі 2003 жылы жасалған»: Желіде таралған ақпарат қызу талқыға түсті

Қазнет қолданушылары желіде таралған бейнероликті қызу талқылауда. Ондағы ақпаратқа сенсек, адамдар коронавирусты қалай емдейтінін 2003 жылдан бері біледі және бұл кезде патоген пандемия тудырмаған. Дегенмен бұл хабарламаның COVID-19-ға қатысы жоқ екен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  порталына сілтеме жасап.

“Коронавирустар – бұл жүздеген вирустан тұратын үлкен топ. Оның жетеуі адамға жұғады. Осы жетеуінің төртеуі адамдар жыл сайын ауыратын тұмау тудырады. Қалған үшеуі – SARS, MERS және Sars-CoV-2 өлімге әкелуі мүмкін тыныс алу жолдарының ауыр ауруларына әкеледі”, – делінген порталда.

Коронавирус және оны қалай емдеу туралы хабарлама 2003 жылы шыққан «Вестник ЗОЖ» газетінен оқылады. Ол кезде тараған коронавирустардың бірі – SARS – ауыр жедел респираторлық синдром тудырған.

Ғалымдар ауруды емдеудің тиімді кестесін жасады, тіпті оған қарсы вакцина әзірлей бастады. Кейіннен бұл әзірлемелер COVID-19 қарсы вакциналардың негізіне алынды.

Сол жылдары жасалған және «Вестник ЗОЖ» газетінде сипатталған емдеу схемалары ғалымдарға 2019 жылдың соңында пайда болған SARS-CoV-2 коронавирусын жақсы түсінуге мүмкіндік бергенімен, оны COVID-19 емдеуде толық қолдануға болмайды.
Демек, видеода көрсетілген «Вестник ЗОЖ» газетінде COVID-19 жайлы емес, 2003 жылы тараған SARS коронавирусынан туындаған ауыр жедел респираторлық синдром туралы айтылады. Бұл аурулар әртүрлі және оларды емдеу жолдары да өзгеше, сондықтан 2003 жылғы газеттен алынған ұсынымдарды COVID-19 емдеу үшін қолдану дұрыс емес.

Comments (0)
Add Comment