Корей медицинасымен байланыс беки түсті

Оңтүстік Корея Республикасы Сеул қаласындағы Тынық мұхиты эндокриндік хирургтар қауымдастығының президенті, профессор Чанг Хэнг мырза облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы шақыртуымен келіп, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында эндокриндік жүйе ауруларынан зардап шегіп жүрген науқастарға емдеу жүргізіп, тәжірибе алмасты.

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов кореялық қонақтармен кездесіп, қос тарап медицина саласы бойынша ой бөлісіп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдалас- ты. Әулиеатаға арнайы келген Астана медицина университетінің профессоры, Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар қауымдас- тығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Владимир Котлобовский бастаған Мәскеу және Қазақстан ғалымдарынан құралған топ Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында бейнеэндохирургия саласындағы практикалық кәсіби ынтымақтас- тық аясындағы Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы мен Меркі аудандық орталық ауруханасында шеберлік сыныптарын өткізіп, күрделі отадан кейінгі асқынулардың алдын алу және оларды эндоскопиялық құралдардың көмегімен емдеу жөніндегі шеберліктерін көрсетті.
Практикалық сапар кезеңінде қауіпсіз эндоскопиялық хирургияны, диагностикалық капсулалық эндоскопияны қамтамасыз етумен ота жасайтын хирургтарға дәріс берілді. Сондықтан аталған мамандар бейнеэндохирургияны қолдана отырып, күрделі урологиялық, онкологиялық ауруларды емдеу мен хирургиялық араласулар жасау бағытындағы шеберлік сыныптарын өткізеді. Сондай-ақ жұмыстың командалық қағидасының маңыздылығын ескере отырып, операция- лық мейірбикелерге арналған эндос- копиялық хирургия, эндохирургиялық жабдықты пайдалану ережелері көрсетіледі. Сонымен қатар Таразда «Эндоскопиялық хирургияның заманауи мүмкіндіктері» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу жалғасуда.

Жұматай Көксубайұлы

Comments (0)
Add Comment