Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (одан әрі – КҚГҚ) түрлі вирусты геморрагиялық безгектің тұтануын шақырады. Конго-Қырым геморрагиялық безгек тұтануы кезіндегі қазалы (летальный) коэффициент 40 пайызға жетеді.
Вирус адамдарға көбінесе кенеден және үй жануарларынан жұғады. Инфекцияның адамнан адамға жұғуы ауру адамның қанымен, нәжісімен, ағзасының басқа да сұйықтықтарымен тығыз қарым қатынаста болғанда ғана мүмкін.
Африка, Балқан, Таяу Шығыс, елуінші паралельден оңтүстікке қарай (кененің географиялық таралуы бойынша) және Азия жерлері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы үшін эндемиялық болып саналады.
Инфекцияға қарсы адамға және жануарға арналған вакцина жоқ. Конго-Қырым геморрагиялық қызба, (Nairovirus) вирусты кене арқылы кең таралатын ауру. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының таратушылар қатарына кеңінен жабайы және үй жануарлары – ірі қара және ұсақ мал жатады. Көптеген құстар бұл инфекцияға тұрақты, бірақ түйеқұстар бұл ауруға сезімтал және олардың арасында, эндемиялық жерлерде инфекцияның өршуі көрсеткіштерінің жоғары екені байқалады және адамдар арасында таралған аурудың көзі болып табылады. Мысалы ең соңғы инфекцияның өршуі Оңтүстік Африкада түйеқұс қасапханасында болған. Бұл жануарларда аурудың ашық белгілері болмайды. Ауру жануарларға инфекцияланған кене шаққанда беріледі, вирус олардың қан айналымында жұқтырғаннан кейін бір апта көлемінде жүреді. Негізінде вирусты кененің әр түрі жұқтыруы мүмкін, бірақ таратушысы Hyalomma кенесі болып саналады.
Инфекцияның жұғу түрі
КҚГҚ вирусы кене шаққанда және малды сою кезінде немесе сойғаннан кейін инфекцияланған қанмен, жануар ұлпасымен қарым-қатынаста болғанда жұғады. Ауруды жұқтырушылардың көпшілігі – ауыл шаруашылығында мал союмен және оны емдеумен айналысатын адамдар.
Аурудың адамнан адамға берілуі инфекцияланған қанмен, сары сумен, мүшелермен және де басқада сұйықтықтармен жақын қарым-қатынаста болғанда іске асады. Мұнан басқа медициналық жабдықтарды, материалдарды тиісінше стирилденбеген жағдайда және инені екінші рет қолданған кезде таралуы мүмкін.
Аурудың белгілері мен нышандары
Инкубациялық дәуір ұзақтығы вирустың жұғу әдісіне байланысты. Кене шаққанда инкубациялық дәуір үш күнге, ең ұзағы тоғыз күнге созылады. Инфекцияланған қанмен, ұлпамен қарым-қатынаста болған жағдайда инкубациялық дәуір бес-алты күнге, құжатта тіркелген ең ұзақ уақыт он үш күнге созылған.
Аурудың белгілері: дене тем-пературасының кенет көтерілуі, бұлшық еттің ауыруы, бас айналу, мойын тұсының ауыруы, бел және омыртқаның ауыруы, бас ауыруы, көздің қабынуы. Мұнан бөлек, лоқсу, құсу, тышқақтау, тамақ пен қарын тұсының ауыруы, көңіл-күйдің жылдам ауысуы мен сананың шатасуы. Екі-төрт күннен кейін аурудың қозуы ұйқышылдыққа, жан күйзелісі мен қажығандыққа, ал қарын тұсындағы ауру жоғары оң жаққа қарай оқшауланып, бауырдың ісінуіне алып келеді. Басқа да клиникалык белгілері: жүрек соғысының жиілеуі, лимфа тамырларының ұлғаюы, шырышты қабықтан (ауыз қуысы мен тамақ), теріден қан кету әсерінен бөртпе пайда болуы.
Ауру адамда гепатиттің белгілеріне ұқсас белгілер пайда болады. Аурудың бесінші күнінен бастап бауырдың жұмысы бұзылып, бауыр мен өкпе жетіспеушілігіне алып келеді.
КҚГҚ болатын өлім коэффициенті шамамен 30 пайызды құрайды, оның үстіне өлім аурудың екінші аптасына келеді. Ауырған күннен бастап сауыққан емделушілердің денсаулығының жақсаруы тоғызыншы немесе оныншы күндерге сәйкес келеді.
Ауруды алдын алу және онымен күрес
Жануарлар мен кенелер арасында КҚГҚ күрес
Жануарлар мен кенелер арасында КҚГҚ инфекциясымен күресу қиын, себебі «кене-жануар-кене» циклы бізге байқалмайды және үй жануарларында аурудың айқын белгілері біліне қоймайды. Осыған қоса кенелер аурудың тасмалдаушылары, сол себептен мал өсіретін орындарда кенемен күресетін жолдарды (кенелерді жоюға арналған химиялық заттар) қарастыру қажет. Мысалы: Оңтүстік Африкада страус қасапханасында ауру өршігенде, 14 күн бойы страустарды карантин пунктінде кенелерден тыс жерде ұстаған. Бұл шара страустардың адаммен қарым-қатынаста болғанда жұғу ықтималдығын азайтты.
Жануарларға қолданатын вакцина түрлері жоқ.
Адамның инфекцияға шалдығу қаупін төмендету
КҚГҚ вирусына қарсы вакцина тышқан миының ұлпасынан алынып, аз көлемде Шығыс Еуропада қолданыс тапқан, бірақ қазіргі уақытта жалпы халыққа қолдануға болатындай қауіпсіз әрі тиімді вакцина жоқ.
Вакцина жоқ кезде жалғыз-ақ жолы – ол адамдарды вирус инфекциясынан сақтану жолдарымен хабарландыру.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласының ұсыныстары бірнеше аспектілерге бағытталуы тиіс.
Вирустың адамға кенеден жұғу қаупін азайту:
• қорғаныс киімін кию (жеңі ұзын көйлек, балағы ұзын шалбар);
• кенені оңай анықтау мақсатында ашық түсті киім кию;
• қолдануға рұқсат етілген акациттерді (кенені жоюға арналған химиялық заттар) киімге пайдалану;
• қолдануға рұқсат етілген репеллентерді теріге және киімге қолдану;
• кененің бар-жоқтығын анықтау мақсатында киім мен теріні үнемі тексеріп тұру, егер кене анықталған жағдайда оны қауіпсіз әдіспен алып тастау;
• жануарларды кене шағудан қорғау, олар тұратын жерлерді үнемі тазартып тұру;
• кенелер белсенді мезгілдерде, олар көптеп кездесетін аудандардан аулақ жүру;
Вирустың жануарлардан адамға жұғу қаупін азайту:
• қасапханаларда және үй жағдайында малды сойғанда, бөлшектегенде қолғап пен басқа да қорғаныс киімдерін қолдану;
• касапханаға дейін жануарларды карантинде ұстау немесе союға дейін екі апта бұрын пестицидтермен тазалау.
Вирустың жекелеген қауымдастықтағы адамдардан адамға жұғу қаупін азайту
• КҚГҚ вирусымен инфекцияланған адамдармен жақын қатынаста болудан сақтану;
• ауру адамдарға қарағанда қолғап пен басқа да қорғаныс киімдерін қолдану;
• ауру адамдарға қарап болған соң міндетті түрде қолды жуу.
Медициналық мекемелерде инфекциямен күресу
КҚГҚ ауруы болжанған немесе анықталған емделушілермен медицина қызметкерлері байланысқа барғанда және үлгілермен жұмыс істегенгде инфекциялық бақылаудың стандартты шараларын сақтауы тиіс. Олар қол тазалығы, жеке бас қорғаныс құралдарын қолдану, ине егу мен жерлеудің қауіпсіз тәсілдерінен тұрады.
Сақтық шараларының бірі ретінде медицина қызметкерлері емделушіні КҚГҚ таралған аймақтан аулақ жерде емдеуі және инфекциялық бақылаудың стандартты шараларын сақталуын қадағалауы тиіс.
КҚГҚ ауруы болжанған адамдардан үлгілерді арнайы жабдықтармен жабдықталған лабораториясы бар, дайындықтан өткен қызметкерлер алуы тиіс.