Тараз қаласындағы «Шөлдала» тұрғын алқабының тұрғындары бұған дейін электр энергиясын «Қазфосфат» ЖШС-нан алатын. Жекеменшік нысаннан берілетін энергия қуатының бағасы халық қалтасына әжептеуір салмақ түсіретін. Енді аталған алқап қалалық электр желісіне қосылып, тариф құны 28 теңгеден 15, 4 теңгеге төмендетілді.
Осылайша, бүгінгі күні «Коммунальник» саяжайындағы 753 абоненттің мәселесі толықтай шешілді. Ендігі кезекте «Химик», «Береке», «Юбилейный», «Победа» саяжайларындағы 1 200-ден аса үй қалалық электр желісіне қосылады.
Әрине, бүгінгідей нарық қос бүйірден қысқан уақытта осынау игі іс тұрғындарға демеу болары сөзсіз. Бұған саяжай тұрғындары да дән риза.
Құрбанәлі АМАНКЕЛДІҰЛЫ