Коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Таразда қардың көп жауғанына байланысты коммуналдық мекемелер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Мамандардың айтуынша, кеше шаһар көшелерін ақ ұлпадан тазартуға 50-ден аса техника, 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, халықтың жүріп-тұруы мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі үшін қала көшелеріне 191 тонна тұз себіліп, 780 текше метр құм шашылған.
 «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің күшімен көне шаһар көшелерінен жалпы 1500 текше метр қар шығарылды.
Сонымен қатар, қаладағы барлық мекеме қызметкерлері өз аумақтарын қардан тазалап, коммуналдық қызмет көрсету мамандарына қолғабыс етуде.

 

Comments (0)
Add Comment