Колледж оқытушысы – конкурс жүлдегері

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласында өткен WorldSkills стандарты негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКББ) ұйымдарының педагогтары арасында өткен инженерлік сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы аяқталды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтарын анықтау және қолдауға бағытталған байқау 07140900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» техникалық және кәсіптік білім беруді даярлаудың телекоммуникациялық бағыты мамандықтары бойынша ТжКББ ұйымдары арнайы пәндердің штаттық оқушылары және өндірістік оқыту шеберлері саласында инновациялық педагогикалық тәжірибені таратуды көздеді.
2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғандықтан, бұл конкурс еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтарға басымдық беріп, педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналды.
Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл, Абай облыстарынан 10 арнайы пән оқытушысы, өндірістік оқыту шебері қатысып, кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
Соның ішінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен келген қатысушылар да өздерінің дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Атап айтсақ, арнайы пән оқытушысы Берік Молдакаримов теориялық және практикалық дайындығын, кәсіби білігі мен дағдысын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгергенін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ескере кетер жайт, осы оқу жылында IX республикалық «WorldSkills Kazakhstan» кәсіби шеберлік чемпионатында Берік Молдакаримовтың жетекшілігімен шәкірті Ерасыл Үсенов «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша І орын алған еді.
Оқытушының жеткен жетісітігіне қолдау көрсете отырып, алдағы жұмыс барысына шығармашылық табыстар тілейміз!

Гульнара Унетаева,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
«Сәулет және байланыс»
бөлімінің меңгерушісі

Comments (0)
Add Comment