Колледж мақтаныштарымен жүздесу

Жастар – мемлекетіміздің күш-қуатын еселейтін ең негізгі мықты буын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жас қазақстандықтарға әрдайым қолдау көрсететінін айтқан болатын. Президентіміздің пікірінше, жастар еліміздің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, өз ұстанымына берік болып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысқаны жөн.

Осы тұрғыда Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, экономика ғылымының кандидаты, педагогика ғылымының докторы Дүйсен Абдраимов колледж студенттеріне қолдау көрсетуде. Айталық, 2022-2023 оқу жылында студенттеріміз әртүрлі деңгейде республикалық, облыстық пәндік олимпиадаларында, «WorldSkills Zhambyl-2023» өңірлік чемпионаты, ғылыми және әлеуметтік жобалар, конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанды.
Осыған орай жуырда колледжімізде «Болашаққа бастар жол!» атты республикалық, облыстық пәндік олимпиадалар мен түрлі фестивальдердің жеңімпаздарымен кездесу өтті.
Шараға «WorldSkills Zhambyl-2023» өңірлік чемпионатында «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша 1-орын иегері Альбина Орынбасар, «Кузов жөндеу» құзыреттілігі бойынша 1-орын иегері Рауан Тасу, «Зертханалық және химиялық сараптау» құзыреттілігі бойынша 1-орын иегері Ұлдана Сүлейменова, «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша 1-орын иегері Мұстафа Байбол, «ҚР топ 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпазы «4ТХГ-19-1» тобының студенті Азамат Тоқберген, Тәуелсіздік күніне арналған «Мен кәсіпкермін» республикалық грант турнирінде «Швейный цех в национальном стиле с оригинальным дизайном» жобасының жеңімпазы Диана Тамаша, О.Бөкей, М.Мақатаев оқулары және «Күзгі триумф» республикалық конкурсының жеңімпазы, «4ЭМО-19-1» тобының студенті Әкімжан Қуанышбекұлы, «Тараз – Жібек жолының інжу-маржаны» облыстық конкурсының жеңімпазы, «2ЛТ21-1» тобының студенті Нұрбек Егемберді, «Абай – дана, Абай – дара» Абай Құнанбайұлы шығармаларына талдау жасау» атты ашық семинарының жеңімпазы, «1ТОС22-1» тобының студенті Бекежан Мәлғаждар және «Тема любви к родине, героического подвига» тақырыбындағы ғылыми шығармалардың облыстық әдеби байқауының жеңімпаздары, «1ВТ22-2» тобының студенттері Наталья Гаппасова мен Кулсум Чолок-Оглы қатысып, орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Алия Оралбекова,
Құзыреттілік орталығының меңгерушісі

Comments (0)
Add Comment