Кітапханашыларымызға алғысым шексіз

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де – кітап. Ендеше, қазіргі таңда бүкіл әлемді жайлаған ғаламтор заманында білім алушыларымызды кітапқа деген қызығушылығын арттыруда көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, кітапқа қызықтыра білген мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Егембердиева Майра мен кітапханашы Картабаева Дина апайларымызға алғысым шексіз.
Заман ағымына лайық болуды мақсат еткен кітапхана қызметкерлері жұмыстың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, жаңа технологиялар мен жұмыстың заманауи бағыттарын да игеру үстінде. №12 мектеп-гимназия кітапханашылары өз оқырмандарын белсенді түрде қатысатын іс-шаралар мен дөңгелек үстел, түрлі байқауларға қатыстырып қызықтырады. Яғни кітапхананың алдына қойған мақсаты әрбір іс-шараны түрлендіре өткізіп, оқырмандарын жалықтырып алмау болып табылады. Сонымен қатар мектеп-гимназияның білім алушылары 100 пайыз оқулықпен қамтылған.
Атап айтатын болсақ, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мысалы, «Латын әліпбиіне көшу», «100 кітап» оқу жобасы. Туған елге тағзым бойынша «100 жаңа есім» жобасы, акциялар – «Буккроссинг мектепте», «Сыйлыққа кітап», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша да іс-шаралар өтілуде. «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауына да оқырмандарын белсенді түрде қатыстырып, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда. Сонымен қатар қаладағы кітапханалармен бірлесе жұмыс жасап, тығыз байланыста. Мектеп-гимназияның басшысы М.Ж.Тұрысбек мырзаға және кітапханашыларға, білім беріп отырған мектеп-гимназия ұжымына алғысым шексіз.

Алтынбек Болатұлы

Comments (0)
Add Comment