«Кітапхана түні» балаларға қуаныш сыйлады

  Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» атты квест-шоу өткізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қазіргі заманауи кітапхана – ол тек кітап қоймасы ғана емес, ол нағыз білім беру және ойын-сауық орталығы. Ел Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай ұйымдастырылған «Кітапхана түнінде» қызықты сайыстар мен интелектуалдық ойындар, вектариналық сұрақтар мен көңілді ойын-сауық ұйымдастырылды. Алдымен әділ-қазы алқаларын сайлап алған кеш қонақтары бірнеше топқа бөлінді. Алғашқы алаңда әркім өзін таныстырса, келесі «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты алаңда сұрақтарға жауап берді. Ал «Жомарт күздің шашуы» бөлімінде жеміс-жидектерден шеберлік сыныбын өткізді. «Біз өнерлі оқырмай» бөлімінде сән үлгісі көрсетілсе, «Би әлеміне саяхат» бөлімінде Тик-ток биін жастар бірдей қайталады. Әр кезеңге арнайы уақыт беріліп, әділ-қазылар өз бағасын берді. Квест-шоуға үш топ қатысып, өзара оза шапқан топқа Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.

Comments (0)
Add Comment