Кітапхана – рухани жаңғыру ордасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған мақаласының халыққа жеткеніне екі жылдан асты. Бұл мақала мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін бағдарлама болды.

Елбасының мақсаты – ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақыру, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтау, адамды сүю, құрметтеу, дәстүрді сыйлау, жаңғырту, қазақтың жайсаң мінезін, мәрттігін, тектілігін, мейірімділігін қалыптастыру және осы құндылықтарды сақтау, дамыту. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап берді. Жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын атады. Мақала қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастамаға айналды. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз. Осыған орай, Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты барлық кітапханалар қалалық мекемелермен, жоғары оқу орындарымен, мектептермен тығыз байланыста жұмыстар атқарады. Жүйе бойынша «Жастар – кітап әлемінде», ашық аспан астындағы «Жазғы оқу залы», «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобалары аясында көптеген іс-шаралар өткізу арқылы кітап қорындағы басылымдар насихатталынып, кітапханаға оқырмандар тартылуда.
«Жастар – кітап әлемінде» жобасының мақсаты – жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
«Nur Otan» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында қалалық кітапханаларда ашылған «Коворкинг» білім орталықтарында «Жастар – кітап әлемінде» жобасы бойынша жастармен әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Барлық кітапханаларда «Басты ұстанымымыз: Мәңгілік ел құндылықтарын ілгерілету, тәуелсіздікті нығайту», «Ұлы даланың жеті қыры», «Жайнай бер, жайсаң Таразым», «Адамзаттың шамшырағы – Абай», «Қазақстанның болашағы – жастар» тақырыптарында, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша және т.б. тұрақты көрмелер ұйымдастырылған.
«Кітапты қадірлейтін ойлы ұрпақ», «Қазақстан болашағы – жалынды жастар» оқырмандар конференциялары, «Құқық және жастар», «Кітап оқу: жастар көзқарасы», «Құрметтің ең биігі – алғыс» дөңгелек үстелдер, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Кітап оқу дағдысы» пікір алмасулар, «Аңызға айналған арулар» ой бөлісу, «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» Абай оқулары, «ХХІ ғасыр! Кітап және жастар» пікір сайыс, «Жастардың ең жақсы ұстазы – кітап», «Мен оқыған кітап» оқырман бенефистері, «Мен таңдаған мамандық» шығармашылық кеш, «Имандылық жарасады ұл-қызға» көрме-диалог, «Мен әлемді танимын» көрме-диалог, «Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән» әдеби-әуенді кеш, «Әдебиет – тарих айнасы» көрме-диалог, «Кітап әлемі шақырады» сұрақ-жауап қоржыны ұйымдастырылды.
Ашық аспан астындағы «Жазғы оқу залы» жобасы мен «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы қалалық «Рухани жаңғыру» офисіне таңдалынып алынып, жұмыстар жүргізілуде.
«Жазғы оқу залы» жобасының мақсаты – жеке тұлғаның бойындағы ізгілік пен ынтасын, оқырмандардың оқу қабілеттерін арттыруға, отбасылық кітап оқуын қамтамасыз етуге қолайлы орта құру, өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, азаматтардың рухани байлық алуын қамтамасыз ету және жазғы демалыс кезінде студенттер мен оқушылардың кітап оқуына, жалпы қала тұрғындарының бос уақыттарын тиімді пайдалануына ықпал жасау.
«Жазғы оқу залы» жобасы бойынша маусым-тамыз айларында «Арман», «Фресно», Қайрат Рысқұлбеков, Тұрар Рысқұлов, Тұңғыш Президент атындағы, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябақтарында жазғы оқу залдары ашылған. Осы саябақтарда «Бақытты балалар – бақытты болашақ» атты мерекелік әдеби қонақжай, «Заманауи оқу мәдениеті» атты ақпараттық шолу, «Өлкенің бай мұрасы» атты кітап жәрмеңкесі, «Кие қонған Таразым» атты кітаптар шеруі, «Рухани жаңғыру – жастардың болашаққа бастар жолы» атты әдеби-ақпараттық шолу, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты көрме-диалог, «Кітапхана – мәдени мұраның сақталуы мен жаңғыру алаңы» атты пікірлесу алаңы, «Жастар кітап оқуды таңдайды» атты жаңа кітаптарға тұсаукесерлер және т.б. іс-шаралар өткізу арқылы жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар насихатталынып, оқырмандар кітапханаға тартылуда.
«Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасының мақсаты – Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде Жамбыл облысының деректі мұраларын сақтау және сирек кездесетін өлкетану қорларының сақталуын қамтамасыз ету. Кітапханалардың кітап қорынан жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрағатынан фотоқұжаттарды цифрлау.
«Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы бойынша өлкетану әдебиеттерін насихаттау мақсатында 18 жергілікті авторлармен шығармашылық келісімшарттар жасау арқылы олардың 56 атауымен 810 дана, оның ішінде мемлекеттік тілінде 37 атауымен 688 дана кітабы цифрланып, кітапхананың дерекқорына енгізілді.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрағатынан фотоқұжаттарды цифрлау бойынша ағымдағы жылы «Фотоархив» дерекқорына 623 фотоқұжат енгізілді.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту салтанатында: «Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы даланың мұрагерлеріміз! Осынау кең-байтақ Ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала!», – деп айтқан еді. Елбасы осы сөздердің жалғасы іспетті болған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлағаттарын тағы бір айқындап берді. Сондай-ақ Елбасы Жолдауында: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет», – деген болатын.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүйелі жалғасы саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақала аталған мазмұн мен бағыттарды көрсетіп берді. Осы мақала аясында «Ұлт тарихындағы ұлы белес» атты дөңгелек үстел, «Ұлы даланың жеті қыры – жеті алаштың тарихы» атты ой бөлісу, «Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа мұрағат», «Ұлы адамдар өмірінен» атты тарихи кітаптар шерулері, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – ақыл-ойдың алыбы» атты ашық есік күні, «Абайды оқы, жас өркен!» ақпарат сағаты, «Адамзаттың Абайы» атты әдеби-альманах, «Тарихтан тағылым – рухани таным» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Ұлы дала аңыздары» тарих беттеріне шолу, өзіндік дара қолтаңбасы бар суретші ғана емес, еліне деген махаббатын туындылары арқылы көрсете білген ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына байланысты «Ұлы суретші» оқырмандар конференциясы, «Ержетті ол бояуын жүрегіне сіңіріп» виртуалды вернисаж, «Суретшінің ғажайып әлемі» слайд шолу, аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі Шәкен Аймановтың 105 жасқа толуына байланысты «Қазақ киносының саңлағы» дөңгелек үстел, «Аймановтың «Атамекені» библигорафиялық шолу және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – кітап оқу, оның ішінде әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы жастарды, жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу, ой-өрісті дамыту, сөйлеу мәдениетін үйрету, шешендік және астарлы сөздердің мән-мағынасын түсіндіру. Жоба бойынша «Қара сөз – дана сөз» /Абай Құнанбаев/, «Жарқыра, жайна, Наурызым», «Айтыс – асыл мұра», «Жақсы кітап – жан азығы», «Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» /Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзі/, «Кітап – адамның досы, ақылшысы», «Балақай, оқы қызық!», «Бабалар мұрасы»/ Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» атты өлеңі бойынша/, «Кітап ашумен әлемді танимын», «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Ерте, ерте, ертеде», «Ұлы даланың дана ойшылы» атты дауыстап оқулар балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары болашақта ұлттық коды мен түпкі тарихы бір, тағдыры мен тамыры ұқсас, мақсаты мен мүддесі бір бауырлас халықтар арасын жақындастыратын, ағайын арасына алтын арқау болатын іргелі жобаға айналатындығына сеніміміз мол.

Роза Алибекова,
Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры

Comments (0)
Add Comment