«Кітап – дәуір айнасы»

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты облыстық жоба аясында Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Жастар аллеясында» «Кітап – дәуір айнасы» атты кітап шеруі өтті.

Жастарды кітап оқуға баулу, кітаптың қоғамдағы рөлін арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен шара барысында түрлі жанрдағы әдеби шығармалар мен танымдық кітаптарды топтастырған «Кітап – асыл қазына» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ кітапқа арналған әсерлі өлеңдер оқылып, көркемдік қойылым көрсетілді.
Сонымен қатар шара аясында Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман, белгілі айтыскер ақын Ербол Қамбатыров, Есет Досалы, ақындар – Данияр Әлімқұл, Нұржан Әліш, Дидар Аппасов және тағы басқа қаламгерлер оқырмандармен кітаптың құндылығы жайлы еркін ой-пікір алмасып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Сабыр ӘЗІМ

Comments (0)
Add Comment