Кірістер жоспары орындалды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 108,1 пайызға орындалған. Өсу қарқыны 105,4 пайызды құрады немесе 4,4 млрд. теңгеге артық түскен.

Арайлым БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте сөз болды. Жиынға Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Кеден бақылау басқармасының басшысы Артық Мұнайтпасов, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тәуекелдер және талдау басқармасының басшысы Жанат Жұмаділова қатысып, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.


– Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 108,7 пайызды құрады, өсу қарқыны 91,3 пайызды құрады немесе 2,6 млрд. теңгеге кеміді.
Оның ішінде салық түсімдері бойынша – 108,7 пайыз немесе 1,8 млрд. теңгеге артты. Жергілікті бюджеттің кірістері бойынша жоспар 107,8 пайызға орындалды. Өсу қарқыны113,8 пайызды құрады немесе 7 млрд. теңгеге артық түсті. 2018 жылдың 12 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 12,4 пайызға өскендігі байқалды. Экономикалық бақылау жұмысының нәтижесіне 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке – 9 761,2 млн. теңге қосымша резервтер қамтамасыз етілді, оның ішінде бюджетке өндірілгені 7692,5 млн. теңге, ақшалай түскені – 3958,6 млн. теңге, – деді Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Кеден бақылау басқармасының басшысы Артық Мұнайтпасов.


Сонымен қатар жиында сала мамандары камералық бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, салықтық тексеру актісі, кеден тексеруі мен кедендік түзетудің құны бойынша, қылмыстық істердің зиянының өтелуі туралы да кеңінен мәлімет берді.

Comments (0)
Add Comment