Жамбыл облысына қарасты Сарысу жұрты осылай деп дабыл қағуда деп хабарлады tyrkystan.kz Atameken Business сайтына сілтеме жасап.
Әкім 1 гектар аумақты бұрынғы мәслихат депутатына заңсыз берген. Экс-шенеунік болса, ол жерді отбасылық пантеон етпекші. Қазірдің өзінде онда 2 адам жерленген.
Ол бүгінгі кәсіпкер, кешегі мәслихат депутаты – Асаубай Майлыбаев есімді меценат. Алғашында демалыс орнын саламын деп, кейін онда 2 адамды жерлеген.
Тұрғындар 3 жылдан бері соттасып келеді. Облыстық сот «құрылысты тоқтасын» деген шешім шығарған. Дегенмен сол аралықта қаза тапқан 2 адамға кесене салып үлгерген.
«Эконом соттан хат келіп жатыр, «Бұл жерге заңсыз жерленген. Әкімнің шешімі жойылсын. Кешеннің ісі тоқтасын» деген. Сол істі тоқтатпай отыр. Бұған бірінші Сапарбаев кінәлі, сосын осы ауданның әкімі», – дейді жергілікті тұрғын Е. Сәтұлы.