Әкімдер енді халықпен тұрақты кездесіп тұрады

Мемлекет басшысы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатты Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірледі деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарлықта барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізуі міндеттелді. Сонымен қатар әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулер күнтізбесіне көшуі көрініс тапты.

Сондай-ақ кездесуді өткізу регламенті бекітілді. Кездесудің ¼ бөлігі өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаманы таныстыруға арналған. Ал баяндаманың ¾ бөлігі «сұрақ-жауап» форматында өткізіледі.

Comments (0)
Add Comment