Кездесуге мас болып келген: Форт-Шевченко әкімін қызметінен босату ұсынылды

Алаңға шыққан халықпен кездесуге мас болыпбарған Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаевты қызметінен босату ұсынылды. Мұндай ұсынысты әдеп жөніндегі кеңес қабылдаған. Бұл туралы «Тумба.kz» жазады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  кznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шенеуніктің теріс қылығы әдеп жөніндегі кеңесте талқыға салынған. Шалқыбай Әзірбаев 4 қаңтар күні таңертең қызметтік көлігімен бейбіт шерушілермен кездесуге шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырған. Алайда халықпен кездесу кезінде ол мас күйде болған. Шерушілер сол уақытта полицияны шақырып, олар әкімнің алкоголь ішкенін растаған.

Бұған дейін сот шешімімен Әзірбаев 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған еді.

«ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЖАЛПЫ ҚАБЫЛДАНҒАН МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ САҚТАУҒА, ҚОҒАМҒА ЖАТ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН БОЛДЫРМАУҒА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА АДАМНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ИМАНДЫЛЫҚҚА НҰҚСАН КЕЛТІРЕТІН МАС КҮЙДЕ БОЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУГЕ МІНДЕТТЕЙДІ», – ДЕДІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ.

Олар бірауыздан этикалық кодекс талаптарын өрескел бұзғаны үшін қала әкімін қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылдады.

Comments (0)
Add Comment