Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдаған: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп адам өліміне әкелген жол апатын жасады деп хабарлады turkystan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша жол апаты 1 қараша сағат 21:30-да «Тараз-Айша бибі» автожолының 1-шақырымында болған.

15 жасар жасөспірім Айша бибі ауылынан Тараз қаласы бағытына келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп ағашқа соғылған.

Жүргізушіден басқа көлікте тағы үш жасөспірім болған.

«Жол апаты салдарынан 14 жасар жолаушы оқиға орнында алған дене жарақатынан қаза болды.

Жүргізуші және әртүрлі дене жарақаты бар екі жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен соталды тергеу амалдары басталды», – делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, жасөспірімнің ата-ана рұқсатынсыз үйден әкесіне тиесілі көліктің кілтін алғаны анықталды.

Comments (0)
Add Comment