Түркіменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар президент сайлауында 72,97 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97 пайыз дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түркіменстанның сайланған президенті болып танылды», – делінген орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесінде.