Кешкі кеңеске кел!

Ел ертеңі еңселі болу үшін болашаққа барар бағытты түзеу қажет. Ал болашақ жастардың қолында.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Осыны ескерген облыстық жастар ресурстық орталығы кешкі сағат 18.30 – 21.00 аралығында жастарға кеңес алаңын ұйымдастырып, құптарлық істі қолға алған екен.

Дегенмен, сам жамыраған шақта бас-талған кешкі кеңесті «Түнгі кеңес» деп атағандары дұрыс болмапты. Сондықтан бұл атауға мән бермей өте алмадық. Сөз түзелмей, іс түзелмес.

Жаңашыл бастама аясында жастарға қатысты мәселелерді шешу мақсатында оң нәтижеге бағытталған жұмыс жүзеге асырылуда. Аталмыш орталық ағымдағы жылдың қазан айынан бастап іске қосылды.

Алғашқы кеңес беру алаңына Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ банкі, Жер қатынастары, Еңбек инспекциясы, Кәсіпкерлік басқармаларының өкілдері қатысып, 30-ға жуық қала тұрғындарымен жастар өздерінің сауалдарына тиісті жауаптарын алды.

Алдағы уақытта Ыбырайым Сүлейменов көшесі «5а» «Жастар қабілет орталығы» мекен жайында қазан айынан бастау алған кеңес беру алаңы айына кемінде 3 рет ұйымдастарылатын болады.

– Пандемия жағдайында жастардың абдырап, не жасарын, неден бастарын білмей, тосылып қалғаны рас. Енді міне жастардың қамын ойлап, көкейіндегі түрлі сұраққа жауап беріп, қажет болса көмек көрсетуге даяр орталықтың бас-тамасы өскелең ұрпақ үшін оң нәтиже берері сөзсіз – деді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті Талғат Мәлікұлы.

Comments (0)
Add Comment