Кенелер адамды «аямай» жатыр

Қостанай облысында күн жылынғаннан кейін кенелер шыға бастады.  Ересектер мен балалар  ауруханаға түсіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігініе сілтеме жасап.

«14 сәуірде облыстық ауруханаға кене шаққан 6 адам, соның ішінде 1 бала түсті», – делінген Қостанай облыстық санэпидбақылау департаментінің хабарламасында.

Кене күн жылынғанда шығады. Былтыр осы кезде олар Қостанай облысында 40-қа таман адамды, ал Алматыда 2020 жылы көктем шыққалы 758 адамды шаққан.

Comments (0)
Add Comment