«Келін құл емес». Аппақ келін-2 сериалының трейлері жарыққа шықты

Жақында Salem social media түсірген «Аппақ келін» атты веб-сериалдың екінші маусымының трейлері жарыққа шықты, деп хабарлайды Экспресс К

Трейлер YouTUBE-те жарыққа шықты. Бір тәуліктің ішінде видеоны 100 мың адам тамашалап үлгерген. Бейнежазбада Лияның енесі Қамажай АҚШ-тан келетін құда-құдағиларын асыға күтпек. Өткен маусымда афро-америкалық Лияны келін қылып түсірген Қамажай оны шетелге жібермей қояды. Сөйтіп, ол ауылдың «бас енесі» деген құрметке ие болады.

© SSM

Веб-сериалда басты рөлдерді белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова, Фатима Кулибали, Абай Асылхан, Азат Сейітметов, Қанат Әлжаппаров және одан бөлек америкалық құдағидың рөлін Нұр-Сұлтан қаласындағы Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы Светлана Фортуна, ал құданы Филипп Зунграна сомдайды.

Сериалда ененің рөлін сомдаған актриса Жанар Пусандағы кинофестивальде «Үздік әйел рөлі» аталымындағы үміткерлердің бестігіне енгенін айта кетейік.

© SSM

«Мен Asia contents awards-2022 атты беделді кинобайқаудың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. «Аппақ келін» веб-сериалында өте маңызды тақырыпты көтеріп, халықаралық деңгейге шығарғаны үшін Salem social media алғыс айтамын. Кейіпкерім Қамажай көрермендердің жүрегінен ерекше орын алды. Бұл жердегі басты еңбек– команданың шеберлігі мен тыңғылықты дайындығы. Тынымсыз еңбегіміз өз жемісін берді», — дейді Жанар Айжанова.

Түсірілім жұмыстары бір ай бойы Алматы облысында өтті. Сериалдың екінші маусымы көреременге 14 қазанда жол тартады.

 

«Аппақ келін» өзінің екіқабат екенін жария еткенін жазды. Фатима Кулибали веб-сериалда басты кейіпкер — Лияны сомдайды.

Comments (0)
Add Comment