Келелі мәселелер көтерілді

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті.

Басқосудың күн тәртібінде «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту», «Облыс орталығындағы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау», «Округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру», «Тараз қалалық мәcлихаты аппаратының штаты және құрылымы», «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту», «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы №3-10 шешіміне өзгерістер енгізу», «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту», «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру» туралы өзекті мәселелер қаралды.
Аталған мәселелердің барлығы алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында мұқият қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment