Келелі мәселелер көтерілді

Таяуда жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті.

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысқан жиынның күн тәртібінде 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, шаһардың Бас жоспарының жобасын мақұлдау, «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын беру, шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту, депутаттар С.Абдыкеримов және М.Қошмамбетованың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, қалалық әкімдіктің дербес құрамына келісім беру, жер учаскелеріне құқық беру комиссияның құрамын бекіту, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны жасақтау, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қалалық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құрамын нақтылау сынды мәселелер қаралды.
Барлық мәселелер халық қалаулылары тарапынан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

Құрмаш Қаптағай

Comments (0)
Add Comment