Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында Тараз қаласы бюджетінің 2023 жылдың 1 шілдесіне болжамды орындалуы, «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру, санаторий-курорттық емделуге жолдама беру, мүгедектігі бар адамды реабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы және тағы басқа мәселелер қамтылды.
Білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың нәтижесі және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, заңсыз сауда-саттықтың алдын алу және жою, қаладағы көше жолдарын жөндеу, 15-ші шағынаудандағы салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс және инженерлік инфрақұрылымы, тұрғын үй саласы, жергілікті бюджетке қаражат түсімдері туралы мәселе қаралды.
Сонымен қатар қала аумағындағы заңсыз құрылыс жүргізіп жатқан нысандар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу шарасы, 2023 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен кіші футбол алаңшасын салу және Тараз қаласындағы көшелердің атауларын біріздендіру жағдайлары сөз етілді.
Шаһар басшысы аталған тақырыптар бойынша тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.
Құрмаш ҚАПТАҒАЙ