2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатында кімнің жеңіске жететінін автоматтандырылған компьютер анықтап, болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.
The Analyst қызметкерлері құрастырған алгоритм арқылы жабдықталған компьютер ӘЧ-да жеңімпаз ретінде Франция, Бразилия және Испания секілді елдерді көрсеткен.
Программаның есептеуі бойынша көрсеткіштер реті мынандай:
Франция – 17,93%
Бразилия – 15,73%
Испания – 11,53%
Ойын иелері, яғни Катар құрамасы бұл додада тек 0,35 пайызбен жеңіске жетуі мүмкін. Ал үш бірдей: Коста-Рика, Сауд Арабиясы және Камерун құрамаларының жеңіске жету мүмкіндіктері 0-ге тең болған.