Каналдардың тазалығы – басты назарда

Тазалық – тәртіптің бастауы ғана емес, мәдениеттің де көрінісі. Сондықтан оны сақтау қашанда маңызды. Тазалық тазалаған емес, таза ұстаған жерде ғана орнайтынын ескерсек, бұл мәселенің үнемі қадағаны қажет ететіні белгілі.

Осыған орай, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар су жүйелерін аралап, олардың жай-күйін, көпірлердің су өткізу мүмкіндіктерін тексерді.
Аймақ басшысы 24 шақырымды құрайтын «Түйте» каналының түбін тазалау, айналасын реттеуге баса назар аударды. Сондай-ақ «Қарасу» каналының жағалауы да тазалауды қажет етеді. Бұл шаралар өз кезегінде көктемгі кезеңде судың көп мөлшерінің келуіне, жаз айларында ылғалдың қажетті аумақтарға жетуі және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін де аса маңызды.
Облыс әкімі өз кезегінде осы және өзге де су жүйелерін, арықтарды тазалау, олардың су өткізу мүмкіндігіне тұрақты талдау және бақылау бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Ербол Шырақпайұлының ұдайы бақылауында болады. Сонымен қатар облыс бойынша жалпы сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына жан-жақты көңіл бөлінбек.

Еркін Сайын

Comments (0)
Add Comment