Панамадағы «Кальмар ойыны» үлгісімен өткен Хэллоуин кешінде 8 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы 31 қазан күні TN News мәлімдеген.
Оқиға 29 қазан күні таңертең болған. Алдын ала болжам бойынша, екі жергілікті қылмыстық топ арасында атыс болып, салдарынан бес адам оққа ұшқан. Сондай-ақ тағы үш адамның мәйіті жақын маңдағы қоқыс тастайтын маңнан табылған. Жеті адам түрлі жарақат алған.
Прокурор Рафаэль Балойестің айтуынша, атыс бір адам «Лос-Галактикос» деп аталатын бәсекелес топтың мүшелеріне оқ атқаннан кейін басталған.
Қазіргі уақытта екі адам ұсталды, оның ішінде атыс кезінде қаза тапқандардың бірінің ағасы да бар.
«Жүрек, бауыр, өкпесіз қалай қалғандарыңды сезбей қаласыңдар»: Қытайда мыңдаған адамды ағзасын алу үшін «тапсырысқа өлтіреді»
«Суицид жасауына себеп болуы мүмкін»: Психологтар «Кальмар ойынының» балалар психикасы үшін қауіпті екенін мәлімдеді
«Болжам бойынша, ол бауырын қорғау үшін атыс қаруын қолданған болуы мүмкін», – деді прокурор.
Өз кезегінде полиция директоры Джон Дорнхайм қатысушылардың кейбірі бұрынғы қақтығыстардың салдарынан сотталғанын және оқ жарақатын алғанын айтты.