Кабулдағы Ресей елшілігінің алдында террорист өзін жарып жіберді: Қаза тапқандар бар

Кабулдағы Ресей елшілігінің жанында террорист өзін жарып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Кабулдағы Ресей елшілігінің алдында өзін жарып жібермек болған оны күзетшілер атып тастаған. Ресей сыртқы істер министрлігі Twitter парақшасында шабуылда елшіліктің екі қызметкерінің қаза тапқанын және Ауғанстан азаматының жараланғанын хабарлады.

«Жарылыс Ресей елшілігінің консулдық бөлімшесінің кіреберісіне жақын жерде болды. Террористі Ресей елшілігінің күзетшілері анықтап, қақпаға жетпей атып өлтірді. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жоқ», – деді жергілікті полиция басшысы Мавлави Сабир.

Ресей елшілігі орналасқан Кабулдың батысындағы Даруламанның бұрын да бірнеше рет шабуыл алаңына айналғаны атап өтілді. Кабулдағы Ресей елшілігінде 2016 жылы жанкешті жарылыс орын алған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Кабулдағы Ресей елшілігінің маңындағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 5 қыркүйекте Кабулдағы Ресей елшілігінің жанында орын алған және ресейлік дипломаттардың өмірін қиған лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды. Ауғанстан тарапы оқиғаны жан-жақты тексеруді қажет деп санаймыз. Кінәлілерді заңға сәйкес қатаң жазалау, сондай-ақ Ауғанстанда тіркелген дипломатиялық корпус пен шетел азаматтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау қажет», – делінген СІМ хабарламасында.

Қазақстан тарапы халықаралық қоғамдастықтың лаңкестікпен күрестегі күш-жігерін қолдайды және дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерін жол беруге болмайды атап өтті.

«Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», – деп қорытындылады министрліктің баспасөз қызметі.

Comments (0)
Add Comment