Көзіңе қара!: Қазақ тілінде ақыл-кеңес беру мағынасында қолданылатын тұрақты тіркестер

Қазақ тілінде күнделікті өмірде жиі қолданатын, бірақ көбі мағынасына үңіле бермейтін тіркестер бар. Бүгін ақыл-кеңес беру мағынасын беретін сөз тіркестерінің топтамасын ұсынамыз.

 

  • Көзіңе қара! Абайла деген мағынада қолданылатын тіркес. Тікелей мағынасына үңілсек, адам өз көзіне өзі қарай алмайды.
  • Көзіңді аш! Көзді ашуға ешқандай қатысы жоқ, сананы ашу, дамыту деген мағына береді.
  • Көз жазып қалма! Белгілі бір нәрсені жоғалтыпа алма, жолдан адасып кетпе деген мағынаға саяды.
  • Құлағыңды түр! Жақсы әңгіме айтылғанда ескер, жадыңа түйіп ал деген мақсатта айтылатын тіркес.
  • Көзіңді сал!  Мән беріп, қарау, назар аудару.

 

Comments (0)
Add Comment