Сеченов университетінің ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктов күздегі ұйқышылдықты реттеудің үш жолын ұсынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, егер ұйқышылдық ұйқының бұзылуына немесе кез келген аурумен байланысты болмаса, кофе көмектеседі.
«Күндіз ұйқы қысса, одан арылуға кофеин көмектеседі. Ол адам, тышқан, тарақан, тіпті балықтарға да әсер етеді. Ол барлық тіршілік иесінің бойында ұйқышылдықты төмендететін химиялық зат», – дейді Полэктов.
Ал ұйқы қысу бірнеше күнге жалғасса, онда ұйқы режимін өзгертуі керек.
«Түнде кем дегенде жеті сағат ұйықтаудан бастау керек», – деді ол.
Сондай-ақ адам жеткілікті ұйықтаса да, күндізгі ұйқышылдық сақталады. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігердің айтуынша, ұйқышылдық күзде жиі кездесетін психикалық бұзылуды көрсетуі мүмкін.
«Күйзеліс – өте кең таралған жағдай, ол адамдардың 10%-ында кездесуі мүмкін. Күйзеліс кей жағдайда әлсіздік арқылы көрінуі мүмкін, кей адам оны ұйқы қысуымен шатастырады. Күн сәулесінің жетіспеуі ұйқышылдық күйзелістіктің бір түрі ретінде асқынуына ықпал етуі мүмкін», – дейді дәрігер.