Күзгі екі айлық аяқталды

Таразда күзгі екі айлық аясындағы соңғы сенбілік өтті. Жалпы 1 қыркүйек пен 29 қазан аралығында 9 рет сенбілік ұйымдастырылған. Шаһар тазалығына 38 123 адам қатысып, 1 811 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, шаһар тұрғындары, кәсіпкерлер жаппай атсалысты.

Мұндай тазалық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады.

Лаура Абайқызы

Comments (0)
Add Comment