«Күтпеген дуэт»: Айқын Төлепберген A.Z-мен бірігіп ән жазды

Ninety one тобының бұрынғы мүшесі A.Z Айқын Төлепбергенмен дуэт жазып, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Су жаңа туынды «Өтіп кетті» (Ötıp kettı) деп аталады. Әннің авторы – Айқын Төлепберген болса, мәтінді Азамат Зенкаевтың өзі жазған.

Фанаттарға жаңа тандем ұнады. Көпшілік екеуінен мұндайды күтпегендерін, тректің әдемі шыққанын атап өтті.

«Күтпеген фит», «Көрген кезде екеуінің даусы екі түрлі, біртүрлі болады деп ойлап едім. Бірақ маған ұнады», «Айқынмен фит болады деп мүлдем күтпедік», «Күшті», «Шығармашылықта табыс тілейміз», «Миллион долларға татитын шедевр», – деп жоғары бағалады фанаттар.

Comments (0)
Add Comment